$ 514.65  544.6  5.17

«Алғысым зор»: Алтай Көлгінов отставкаға кете ме?

Ол жауаптан жалтаруға тырысты.
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жемқорлыққа күдіктелген Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елорда тұрғындарына есеп беру барысында қала әкімі журналистің "пара алды" деп күдіктелген Байқоңыр ауданы әкімінің кесірінен отставкаға кетсіз бе?" деген сұрағына жауап берді.

Ол жауаптан жалтаруға тырысты.

«Мені уайымдап, жақсы көретіндерге алғысым зор. Бәрі заңға сәйкес болады, заңда не жазылған, соны орындаймыз», - деді әкім.

Еске сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов "пара алды" деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары