Өскемен - Семей автожолында төрт автомобиль соқтығысқан. Семейден келе жатқан Land Cruiser Prado көлігінің 47 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, Kia Picanto келе жатқан қарсы бағытқа шығып кеткен. Көліктер бетпе-бет соғысты, жол талғамайтын көліктің артынан келе жатқан BMW және ВАЗ-2114 автокөліктері соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.
"Kia салонында болғандар зардап шекті", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. Оның сөзінше жүргізуші ер адам, жолаушы әйел және 4 және 9 жастардағы балалар дене жарақытымен ауруханаға жеткізілген. Prado жолаушысы да ауруханаға жатқызылған. Қалған көліктегілер жарақат алмаған, алайда көліктеріне зақым келіпті.
ШҚО ІІД өкілінің айтуынша, Land Cruiser Prado жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық өндіріс басталды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.