$ 494.87  520.65  4.91

«Instagram бізде шағым жәшігіне ұқсайды» - Павлодар облысының «аты шықпаған» жаңа әкімі

Ал Павлодар облысының әкімі болса, оны өзі есептеп, жіпке тізгендей біртіндеп санап көрген сыңайлы.
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Атышулы Болат Бақауовтың орнына келген Павдодар облысының су жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов халық алдында есеп берді. Жай есеп беріп ғана қоймай, Instagram әлеуметтік желісін кәдімгі шағым жәшігіне теңеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Әкімнің сандарды сөйлеткен деріген сүйенсек, оған небәрі 10 күнде 5 мыннан астам тұрғын арыз-шағып жазып,  мұң-мұқтажын жеткізген екен. Облыс әкімінің айтыуынша, әлгі 5 мыңнан астам арыздың ішінде көбісі коммуналдық мәселелермен басы қатқандарын айтып шағымданғанға ұқсайды. Айтпақшы, оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасына да тұрғындар тарапынан арыздар молынан түседі екен. Ал Павлодар облысының әкімі болса, оны өзі есептеп, жіпке тізгендей біртіндеп санап көрген сыңайлы. 

««Әлеуметтік желідегі парақшаларымды ашқан кезде коммуналдық қызметтің парақшасын ашқандай сезінемін. Облыс тұрғындары маған лас қардың, пәтерлердің су басып жатқаны, тоқтан ұшқын шыққан розеткалардың суреттері мен видеоларын жібереді. Әдейі есептеп көрдім: 1 минутта коммуналдық қызметтерге қатысты 2 шағым келіп түседі. Яғни, сағатына 120 арыз-шағым. Бұл - тек менің жеке парақшама келгені. Басқа да әкімдер мен мекемелердің блогы бар. Шетелде Instagram селфи, әдемілік туралы кеңестер алаңы болса, бізде шағым жәшігіне ұқсайды», - деп бір-ақ қойып қалған әкімнің сөзі көпшілікті елең еткізбей қоймаған секілді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының аяғына таман істі болып бүкіл елді шулатқан Павлодар облысының экс-басшысы Болат Бақауовтың орнына, аты шықпаған 46 жастағы Әбілқайыр Сқақов жайғасқан болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары