$ 494.87  520.65  4.91

20 мың медициналық бетпердені Қазақстаннан еліне заңсыз алып кетпек болған Қытай азаматы құрықталды

Контрабандалық жүк Алматы облысындағы Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде табылды.

Қытай азаматы Қазақстаннан Қытайға 20 мың медициналық бетпердені заңсыз өткізуге тырысқан. Контрабандалық жүк Алматы облысындағы Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде табылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 20 мың медициналық бетперде контрабандасын өткізбек болған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

«14 ақпанда Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде ҚХР азаматынан контрабандалық тауарлар алынды, ол – Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 20 000 медициналық бетперде», - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан медициналық бетперделердің экспортына тыйым салған. Алматы фармацевтикалық компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары