$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды

Әлемде мұндай орталықтар көп емес.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды. Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.

"Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба", – деді Президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары