$ 494.87  520.65  4.91

«Мен гарантия беремін!»: Даниал Ахметов Зайсандағы дүрліккен көпшілікке уәде берді

Облыс әкімінің мәліметінше, қазір Қытайда жүрген облыстың 6 азаматы 2 күннен кейін елге қайтарылады. Олардың тізімі мен тұрғылықты жері бойынша нақты мәлімет бар екен.
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеше Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысындағы Зайсан ауданына қарасты Сарытерек ауылының тұрғындары ауыл амбулаториясының алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар Қытаймен шекарада инфекция жұқтырған адамдарды ауыл амбулаториясында емдеу үшін алып келеді» деген ақпаратты естіп, мән-жайды білу үшін жиналған, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

Бүгін таңертең облыс басшысы Даниал Ахметов Зайсан ауданына келіп, наразы топпен кездесіп, дүрліккен жұртты сабырға шақырды.

«Шекара жабылды. Шет мемлекеттің бірде-бір азаматы келмейді. Қазақстанда инфекция жұқтырған ешкім жоқ. Бұл ресми мәлімет. Баршаңызды үрейленбеуге шақырамын. Жағдай жеке менің бақылауымда», - деді Даниал Ахметов.

Әкімдік алдына жиналған жұрт Даниал Ахметовтен көрші елмен шекараны жауып, аудан территориясында жүрген 42 Қытай азаматын еліне қайтаруды сұрады. Тұрғындардың бұл уәжіне облыс басшысы «ойланамыз» деп жауап берді.

«Осы жерде 42 Қытай азаматы бар. Олар сол жерден (жатақханалардан) шықпайды. Оларда арнайы дәрігер бар. Қазір мен Сыртқы істер министрлігімен сөйлесемін. Ойланамыз. Не істейміз оларды? Олардың ішінде ауырған кісі жоқ. Мен гарантия беремін!», - деді халықпен кездескен әкім.

Облыс әкімінің мәліметінше, қазір Қытайда жүрген облыстың 6 азаматы 2 күннен кейін елге қайтарылады. Олардың тізімі мен тұрғылықты жері бойынша нақты мәлімет бар екен. Олар елге оралған соң Өскемендегі ауруханалардың біріне карантинге жатқызылады. Сосын екі апта дәрігерлердің бақылауында болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары