$ 514.65  544.6  5.17

«Қазақ тілін кейбіреулер қақпайды...»: орыс жігіт өзінің қазақша шығарған өлеңін оқып берді (ВИДЕО)

Сонымен, қазақтілді орыс ақын алдымен өзінің Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының Алғабас ауылында туғанын айтады.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Қазір әлеуметтік желілерде ақмолалық орыс жігіттің қазақ тілінде өзі шығарған екі шумақ өлеңін оқыған видеосы кеңінен тарап жатыр. Ол жазба негізінен facebook желісіне 2018 жылдың желтоқсанында жүктелген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сонымен, қазақтілді орыс ақын алдымен өзінің Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының Алғабас ауылында туғанын айтады. Көлік ішінде отырған ол содан кейін әлгі өлеңін оқыды.

«Жаным – қазақ, Вася Бойко есімім,
Қазақ жері – туған менің бесігім.
Қазақтарға ұят білмеу өз тілін,
Егер де мен қателессем, кешірім!

Қазақ тілін кейбіреулер қақпайды,
Ондайларға бір сөз айтсам, жақпайды.
Қазақ тілін артық білем бар тілден,
Сондықтан да Құдай мені сақтайды!» –

деген азамат, көрермендерімен де қазақша: «Ал, амандықпен кездесейік! Елімізде тек қана амандық, тыныштық болсын, жігіттер!» - деп қоштасқан.

Тағы оқи отырыңыз: Қор болған қазақ тілі: ар-намыссыз ұлт ретінде «темекі тауық» жеп, «ит шұлық» киіп жүрміз (ФОТО)

«Ата-бабасының жерінде тұрып, ана тілін білмейтін адамдар болады деп ойламаппын» - кәріс азаматы

«Бәріміз қазақ болуымыз керек»: Владислав Тен мен Максим Рожин мемлекеттік тіл мәселесін көтерді

Бейнежазбаны өзінің facebook парақшасына жүктеген Baqyt Osser есімді азамат оның атауын «Вася Войко: Өз тілін білмейтін Қазақтарға ҰЯТ!» деп қойыпты. Ал оны содан бері 85 мың адам көріп, 1100 адам ұнату белгісін басып, 1934 адам өз парақшаларында бөліскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары