$ 494.87  520.65  4.91

«Бәріміз қазақ болуымыз керек»: Владислав Тен мен Максим Рожин мемлекеттік тіл мәселесін көтерді

«Баяғыдан айтылып келе жатқан ой тағы расталып жатыр. Қазақтың шынайы мұңын қазақ тілін білсең ғана түсінесің» деп жазды Максим Рожин facebook парақшасына. Ал Владислав Тен өз жазбасында бұл мәселеге кеңірек тоқталған.

Қазақстандағы орыс ұлтының өкілі, журналист Максим Рожин мен кәріс ұлтының өкілі Владислав Тен ұлтаралық қақтығысты шешудің бірден-бір дұрыс жолы – бір тіл, бір ұлт төңірегіне ұйысу деп біледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, «Баяғыдан айтылып келе жатқан ой тағы расталып жатыр. Қазақтың шынайы мұңын қазақ тілін білсең ғана түсінесің» деп жазды Максим Рожин facebook парақшасына. Ал Владислав Тен өз жазбасында бұл мәселеге кеңірек тоқталған.

«Қазақстанда бәріміз, қай ұлт болсын, қазақ болуымыз керек. Мысалы, біздің кәрістеріміз руы Корей қазақтар болсақ, орыс достарымыз руы Орыс қазақтар деп аталсын. Өзбектер руы Өзбек қазақ адамдары болсын. Немістер руы Неміс қазақтар болады. Тағы басқа қалған ұлттар дәл осылайша аталсын!

Бәріміз енді қазақпыз! Енді қазақ тілін үйреніп алсақ болды! Ешқандай ұлт я болмаса тіл принципі бойынша бір-бірімізді бөлуімізге ешқандай себеп те табылмайды! Бір-бірімізді жақсы көрсек қана, арамызда махаббат деген қасиетті сезім болса ғана ел ретінде әр жақтан дамып кетеміз!» - дейді ол.

Бұл екі жігіттің азаматтық ұстанымын журналист Айдос Жұқанұлы бөлісті. Жазбасына Ерлан Қарин сынды билік өкілін белгілеген ол: «Енді Парламент кірісуі керек. Конституцияның тілге қатысты тұсын өзгертетін уақыт келді», - деп мәселені төтесінен бір-ақ қойды.

Айдос Жұқанұлы оған дейін де «Бір ел – бір тіл» жоспары жасалуы керек. Алдағы он жылда жүзеге асырмасақ, кез келген шиеленіс ұлтаралық қақтығысқа ұласа береді. Бір тілді мемлекетте кез келген жанжал әлеуметтік немесе көшедегі деңгейде ғана қалады.

9 млн жас бар, 35-ке дейінгі. Жастарды сабырға шақыру қиын. 85-жылдан кейін туғандар – үрейді, құлдық сананы білмейтін буын. Жаңа идеология өте қажет» деп жазған еді. Мемлекет тарапынан құйып алар құлақ, қойылар құлық болса, әрине.

Ал жоғарыдағы жігіттердің жазбасына қатысты Айболат Қисымов деген азамат: «Өзге ұлттарда шаруам жоқ, өзіміз қазақ болайықшы! Басқалар өзі-ақ қазаққа айналады және орыс тілін алып тастау керек! Мемлекеттік тіл қазақ тілі болса, ешқандай проблема болмайды сонда», - деген пікір білдірді.

Қалай десек те, мемлекеттік тіл мәселесін бұрыннан бар жан-дүниесімен көтеріп жүрген сол орыс пен кәрісті ешкім мәжбүрлеп сөйлетіп отырған жоқ. Өздерінің жергілікті мемлекет құраушы ұлтқа деген қарызын тілін, ділін, салт-дәстүрін құрметтеумен өтеуді азаматтық парызы санайды олар. Сондықтан алдымен тәуелсіздік алған 30 жылда әлі мәңгіріп отырған мәңгүрт қазақтардың ана тілін үйренуіне зор ықпал етіп, ұлттық санасын оятпаса болмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары