$ 494.87  520.65  4.91

Қызмет бабын асыра пайдаланған «парақор, жемқор президент» сотталды

Оның Ұлттық Қорға тиесілі $9,3 млн ақша жымқырғаны белгілі болды.
Фото: Мир 24
Фото: Мир 24

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ли Мён Бак көлемді қаржыны "жеп қойғаны" үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұрынғы президенттің сотты болуы жайлы жергілікті "Рёнхап" басылым арнайы ақпарат жариялаған. 

Сеулдің аппелляциялық сотының шешімінен Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мён Бак 17 жылға бас бостандықтарынан айрылып отыр. Ол парақорлық, жемқорлық фактілері бойынша сотталды. 

78 жастағы экс-президенттің лауазымды қызметті атқара жүріп, қолындағы билікті асыра пайдалану арқылы жемқорлық жасағаны анықталған. Естеріңізде болса, саясаткер бұған дейін 15 жылға сотталып, денсаулығына байланысты үйқамақта жазасын өтеу үкіміне тартылған болатын. 

Оның Ұлттық Қорға тиесілі $9,3 млн ақша жымқырғаны белгілі болды. 

Ли 2008-2013 жылдары Оңтүстік Кореяны басқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары