$ 494.87  520.65  4.91

Ашық киімі үшін басы дауда қалған өзбек әншісі Қазақстанға көшіп кетті

Ашық киініп, бейнероликке түскен өзбек әншісі Эсмеральда Рахматованың басы дауда қалып, көрермендері тарапынан сынға ұшыраған еді. Артынша, биліктегілер оның әншілік лицензиясын тартып алды. Ал, әншінің өзі болса орын алған осынау жайттардан кейін дүние-мүлкін жинап, Қазақстанға көшіп кетті деп жазады Lenta.Ru. Ол сондай-ақ, Instagram желісіндегі парақшасын да өшіріп тастаған.

Өзбекстан жұртын шулатқан Рахматованың екі бейнеролигі. Оның алғашқысында белгісіз ер азамат әншіден қалай жұлдыз болғанын сұраған кезде Эсмеральда бұтындағы шалбарын шешеді. Ал, екінші бейнероликте тәнін жалаңаштаған ол Ташкент көшелерімен жаяу жүрген.

Әншінің өзі болса аталған видеоматериалдарға өзінің түскендігін растады. Мұнан кейін "Узбекнаво" эстрадалық бірлестігі одан әншілік лицензиясын кері алынғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары