$ 514.65  544.6  5.17

Үрейлі хабар: коронавирус жұқтыру дінмен байланыстырылып жатыр

Билік вирус жұқтырғандарды Италияның карантин жарияланатын Қарулы Күштерінің нысандарында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Осы мақсатта әскери казармаларда 5 мыңнан аса орын дайындалған.
Фото: Синхуа агенттігі
Фото: Синхуа агенттігі

Қытайдан басқа бірқатар елде коронавирус инфекциясы өршуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz, РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Италия

Италияның солтүстігінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 130-дан асты, екеуі қайтыс болды, деп хабарлады жексенбіде Азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борелли.

Ломбардия облысының басшысы Аттилио Фонтана өңір аумағындағы барлық мектепті жабу туралы үкімге қол қойды. Сонымен қатар, облыста жаппай манифестацияның кез келген түрін өткізуге тыйым салынған. Қазіргі уақытта Эмилия-Романья билігі осындай шараларды қарастырып жатыр. Пьемонтта бір апта бойы университеттердің қызметі тоқтады. Венето билігі Венециан карнавалының өтпейтінін жариялады.

"Торино" мен "Парма" арасындағы футболдан Италия чемпионатының 25-турының матчы белгісіз мерзімге ауыстырылды.

"Коронавирусқа тест тапсырған 132 адамда вирус анықталған. Олардың екеуі қайтыс болды, біреуі сауығып кетті. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауындағы адамдардың саны - 129, оның 54-і ауруханаға жатқызылды, 26-сы қазір қарқынды терапия бөлімінде жатыр", - деді Борелли.

Комиссардың айтуынша, коронавирусты жұқтыру жағдайлары Италияның солтүстігіндегі төрт облыста анықталған: 88-і Ломбардияда, 24-і Венетода, 9-ы Эмилия-Романьеде және 6-ауы Пьемонтте. Сонымен қатар, Римде Lazzaro Spallanzani ұлттық жұқпалы аурулар институтында әлі күнге дейін екі қарт қытайлық турист бар, олардың қаңтар айының соңында коронавирус жұқтырғаны анықталды. Сенбі күні коронавирус тесті олардың біреуінде теріс нәтиже бергені белгілі болды.

Сондай-ақ, Борелли қажет болған жағдайда билік вирус жұқтырғандарды Италияның карантин жарияланатын Қарулы Күштерінің нысандарында орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Осы мақсатта әскери казармаларда 5 мыңнан аса орын дайындалған.

Иран

Иранда коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны - 43, оның ішінде сегізі өліммен аяқталған, деп хабарлады Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Киануш Джаханпур.

Алғаш рет билік жұқтыру оқиғалары туралы 19 ақпанда хабарлады - ол мұсылман шейіттерінің мінәжат ететін Кум қаласында басталған. Дәрігерлердің мәліметінше, жұқпалы аурулардың көпшілігі қала тұрғындары.

Соңғы тәулікте Иранда коронавирус жұқтырудың 15 жаңа оқиғасы анықталды. Олардың ішінде, жеті адам Кумда, төрт адам - Тегеранда, екі адам - Гилян провинциясында, біреуі - Маркази провинциясында, екеуі - Тонекабон қаласында жұқтырғандар.

"Өкінішке қарай, осы 15 адамның үшеуі қаза тапты", - деді IRINN телеарнасының эфирінде Киануш Джаханпур.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Саид Намаки вирус елге қалай түсе алатынын айта келе, коронавирустан қайтыс болған Кум тұрғындарының бірі сол жерде аурудың өршуі кезінде Қытайға барғанын хабарлады.

Иранда коронавирустың таралуына байланысты еліміздің бірқатар провинциясындағы оқу орындарының жабылғанын хабарлады. Мәдени іс-шаралар тоқтатылған және бірқатар спорт жарысы көрерменсіз өтеді.

Елдегі коронавирустың таралуына байланысты Түркия мен Пәкістан Иранмен шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Ауғанстан мен Кувейт Иранмен көлік қатынасын тоқтатты.

Оңтүстік Корея

Оңтүстік Кореяда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 46 жаңа оқиғасы тіркелді. Жұқтырғандардың жалпы саны 602-ге жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (KCDC) ұйымы. Осыған байланысты ел президенті Мун Чжэ Ин эпидемиологиялық қауіп-қатердің ең жоғары, "қызыл" деңгейін жариялады.

KCDC мәліметтері бойынша, жаңа жағдайлардың 24-і Тэгу-да, қалғандары - бүкіл ел бойынша түрлі аудандарда табылған. Бес науқас қайтыс болып, 18-і жазылып, 8 057 адамның сынамасы әлі зерттеуде.

Жаңа емделушілердің жалпы санынан 20 адамның зақымдануы Тэгу-дағы Синчхончжи діни қозғалысының шіркеуімен байланысты болып отыр. 61 жастағы оңтүстік кореялық Синчхончжи культінің Иса Мәсіхтің келуі шіркеуіне барып, байқамай қалалықтарға жұқтырған. Жергілікті билік үй карантиніне сектаға сенуші 9 336 адамды орналастырды. Олардың 1 276-ынан вирустың белгілері байқалған, 604 адаммен байланысу мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 329 жағдайы сектамен байланысты болып отыр.

Ренхап агенттігінің хабарына қарағанда, Синчхончжидің діни жоралғылары коронавирустың таралуын күшейтіп жіберген, өйткені қызмет көрсетушілер бір-біріне тізерлеп жақын отырып, бір-біріне иығын құшақтап ән айтады.

Індетке қарсы күрес жөніндегі орталық штабтың басшысы Чон Ын Ген жұма күні өткен брифингте карантин қызметтері Тэгу-дағы Синчхончжи шіркеуіндегі адамдардың шетелдік филиалдардың, әсіресе вирус пайда болған Қытайдағы Хубей провинциясындағы келушілермен байланысы болғанын тексеретінін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, былтыр Синчхончжи сектасы Уханда ашылған екен. 

Атауы "жаңа аспан мен жер" деп аударылатын Синчхончжи діни ағымының негізін 1984 жылы Пастор Ли Ман Хи қалаған. Сектаның ізбасарлары оның негізін қалаушы Иса Мәсіхтің жерге екінші келуінің көрінісі деп сенеді. Әлем бойынша табынушыларының саны 200 мыңға жуық.

Жапония

Ал Жапонияда Diamond Princess круиз лайнерінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырған үшінші жолаушы көз жұмды, деп хабарлады Киодо агенттігі.

Ол - 80 жастағы жапониялық. 20 ақпанда лайнердің екі жолаушысы, 80 жастан асқан ер адам мен әйел көз жұмған.

Жапонияда коронавирустың жаңа түрі анықталған 769 адам тіркелді. Оның 634-і - Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Бейсенбі күні лайнерде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы екі адам туралы белгілі болды. Қазіргі уақытта лайнер 969 жолаушы шығарылды, оның бортында қазақстандықтар болған - екі әйел және 8 және 12 жастағы екі бала.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус