Түркістан облысының Ордабасы ауданы Қайнар ауылында тұратын сарбаздың жақындары Абылайдың мұндай қылмысқа барғанына сенбейді екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Ордабасының Қайнар ауылында негізінен бір атаның балалары тұрады. Шағын ауылдан шыққан Абылайдың елді шулатқан жағдайынан жұртшылық хабардар болғанымен, қайғырып отырған отбасыға қатысты мәселені айтушылардың қарасы аз. Әкесі де "тергеу жүріп жатыр, мен не деп айтамын" дегеннен басқа жақ ашпады. Ұлының құмар ойынға қатысын да, қарулы ұрлағанын да сөз еткізі келмеді.
Сарбаздың әкесі "Балам ондай емес..." деп кібіртіктеп қалды. Ал ауыл тұрғыны осы оқиға туралы естігенде "конечно жаман күйде болдық, сенбедік" деп жауап берді.
Ал әскери бөлімде түнгі кезекшіліктен тастай қашып, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды қолды етті деп күдікке ілінген Абылай Балғынбай оқыған колледж ұстаздары шәкірттері жайлы естігенде "абдырап қалдық" деп отыр. Олар оның оқу үлгерімі жақсы болды деп отыр.
"Ақшаға бейім балалардың қатарына қосылмаған, колледждің ережелерін бұзбаған студент болатын", - "Жол-көлік" колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Ешімов.
Тағы оқи отырыңыз: Қару-жарақ алып қашқан сарбаздың сыбайластары болуы мүмкін бе? - ІІМ жауабы
Түркістан облысында «30 автомат пен 27 тапаншаны алып кеткен» сарбаз ұсталды
Бейресми ақпарат бойынша, Алматыда ұсталуы мүмкін күдіктіден өзге басқа адамдардың да осы қылмысқа қатысы бар екендігінің анықталуы ғажап емес.