$ 448.15  483.46  4.86

Халқы көтерілген Зайсанға жаңа басшы тағайындалды

Оларға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі барып, басу айтқан.

Өткен аптада Шекарада орналасқан Зайсан ауданының халқы Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына қарсы шығып, бас көтерген болатын. Наразылық білдіргендер түнімен жүріп, бүгін де аудан орталығына көптеп жиналған. Оларға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ өзі барып, басу айтқан.

Бүгін сол ауданға жаңа әкім тағайындалды. Даниал Ахметовтың үкімімен Зайсан ауданының әкімі лауазымына Серік Зайнулдин тағайындалды. Серік Зинабекұлы бұл қызметті осыған дейін атқарған.

Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан қаласында туған.

1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады.

1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.

1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.

1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.

1997-2004 жылдары Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары,

2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007-2010 жылдары  – Катонқарағай ауданының әкімі,

2010-2013 жылдары – Зайсан ауданының әкімі

2013 жылдың 28 маусымынан бастап қазірге дейін Үржар ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары