$ 446.49  475.38  4.79

Алтын ұрлап несиесін төлемек болған

Өскемендік Марина Светлова(аты-жөні өзгеретіліп отыр) қаладағы алтын сататын дүкендердің бірінде үш жыл бойы сатушы болып жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ешбір теріс қылық көрсетпеген. Тек соңғы екі айда дүкендегі кезекті тексеріс кезінде құнды заттардың қолды болғаны анықталған. Бұл туралы yk-news.kz жазады.

Күдікті ұрланған алтындарды ломбардқа өткізіп, тапқан ақшасына несиесін төлеген. Оған күйеуі мен енесі көмектескен. Сотқа келген соңғы екеу алтындардың ұрланғанын білмедік деп ақталып отыр. М.Светлова болса, жалақысын жинап, алтындарды кері қайтарып алмақ болған. Бірақ кенеттен келген тексеріс құнды заттардың қолды болғанын анықтап отыр. Келтірілген шығын көлемі 4,5 млн теңгені құрайды. Сот процесі барысында күдіктінің айыбын мойындағанын және шығын көлемін толық келтіргенін ескере отырып, Марина Светлованы шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары