Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина өзінің мансабындағы алғашқы миллион долларын ұтып алды, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнир кезінде межеге жетті. Шешуші матчта Рыбакина Румыниядан келген әлемнің екінші ракеткасы Симоне Халептенді 6:3, 3:6, 6:7 есебімен ұтты.
Рыбакина Дубайдағы турнирден 372 200 доллар көлемінде сыйақы алды. Оның 2020 жылдағы табысы 719 632 доллар жетіп үлгерді. Барлығын қосқанда, теннисшінің жалпы жүлдесі 1 164 376 доллардан асып кетті.
Тағы бір жетістігі – Рыбакина 2020 жылы WTA турнирлерінде 20 матчты жеңіспен аяқтаған бірінші теннисші болып отыр.
Qatar Total Open турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 17-ші орында тұрған Рыбакина әлемнің 62-ші ракеткасы, бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен кездеседі.