Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы берілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекет тарапынан төленуі тиіс өтемақы берілді. 52 адам зардап шекті. Оларға өтемақы берілді. Қазір сақтандыру төлемдері жүріп жатыр. (...) Сақтандыру компаниялары жайлы айтатын болсақ, барлығы қажет құжат тізіміне байланысты. (...) Ол компания өтемақыны толық өндіріп береді. Бұл мәселе біздің бақылауымызда", - деді Талғат Ластаев.
Сондай-ақ, журналистер одан Bek Air билеттерінің ақшасын қайтаруға қатысты сұрақ қойды.
"Билеттердің бір бөлігінің ақшасы қайтарылды. Қазіргі уақытта Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті сотқа арыз берді, осы билеттердің ақшасын қайтару бойынша. 100-ге жуық адам хабарласты", - деді комитет басшысы.