$ 498.34  519.72  4.85

Семейде әскери шенді басшы сарбаздардың тамағын ұрлаған

Әскери шені «сержант» атағынан айырылды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Семейде әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының басшысы сарбаздардың тамағын ұрлағаны үшін 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей гарнизоны әскери сотында құқық бұзушылықтарды жасағаны бойынша айыпталған азық-түлік қызметі қоймасының бастығына қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот дерегінше, әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы лауазымда бола тұра, 2018 жылдың қыркүйек 2019 жылдың мамыр аралығында өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, азық–түлік қоймасынан жеке тамақтану рационынан 3900 мөлшерінде комплекті, әскери мүлкінің балансынан есебінен шығарылған деп, өзінің қызметтестеріне заңсыз сатып, толығымен жымқырған.

"Әскери бөлімінің қоймасында жалпы 8951022 теңге сомадағы заттардың жетіспеушілігі анықталған. Семей гарнизоны әскери сот үкімімен «С» ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлімі 1 тармағында қарастырылған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде мүлікін тәркілемей, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Әскери шені «сержант» атағынан айырылды", - делінген сот хабарламасында.

Сонымен қатар С-тан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сомасы 50500 теңге төлем өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары