$ 514.65  544.6  5.17

Шымкенттік полицейлер қызметтік планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген

Жалпы, Шымкент қалалық ПБ қызметтік пайдалану үшін 259 млн 370 мың теңгеге барлығы 1402 планшет сатып алған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Бұл заң бұзушылық Шымкент қалалық ішкі қауіпсіздік дирекциясының экс-капитанына қатысты сот процесі кезінде белгілі болды. Қызметтік гаджеттердің жоғалғаны анықталып, тергеу жүргізілгенімен, ешкім жұмыстан шығарылмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бөлімі ломбардқа әрқайсысы 185 мың теңге тұратын 6 планшеттің өткізілгенін растады. Бұл қылмыс жайлы Шымкент қалалық ПБ жеке қауіпсіздік бөлімінің экс-капитаны Ф. Шәріпбайұлына қатысты сот процесі кезінде белгілі болды. Ал ол полиция бөлімінің дәретханасында үлкен пара алғаны үшін жазаланған еді. Айыпталушы парамен ұсталған кезде өзінің ондаған планшеттердің жоғалып кетуіне қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Қамап тастаса, ақшаны қайтара алмаймын»: «Гарант 24 Ломбард»-тың иесі шетелден ВИДЕОүндеу жолдады

Жалпы, Шымкент қалалық ПБ қызметтік пайдалану үшін 259 млн 370 мың теңгеге барлығы 1402 планшет сатып алған. Ал ломбардқа өткізуді ұйғарған патрульдік полиция полкінде қызметтік қолданысқа 680 планшет берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары