$ 494.87  520.65  4.91

«Қамап тастаса, ақшаны қайтара алмаймын»: «Гарант 24 Ломбард»-тың иесі шетелден ВИДЕОүндеу жолдады

«Жұрт айтып жатқандай қашып кеткен болсам, мына видеоны түсірмес те едім. Сіздермен әрдайым байланыста болдым, тіпті, қалаларға барып кездестім», - дейді ол.

Желіде Қазақстандағы ломбардтардың бірін басқарамын деген ер адамның видеосы тарап жатыр. Оның айтуынша, бұл жағдайда ол елден кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ломбардтарды жауып жатыр деген көп қауесет тарап жатқан соң елден кетуге тура келді. Органдарда, жоғары жақта өз адамдарым бар. Мен елден неге кеттім? Мені қамап тастаса, сіздерге ақшаны қайтара алмай қаламын. Қамағаны қорқынышты емес. Сіздерге ақшаларыңызды қайтара алмай қалуым қорқынышты.

Жұрт айтып жатқандай қашып кеткен болсам, мына видеоны түсірмес те едім. Сіздермен әрдайым байланыста болдым, тіпті, қалаларға барып кездестім. Қазіргі уақытта бақылап отырмын. Менің қызметкерлерім – жалдамалы жұмысшылар. Олар да сіздер секілді нанға ақша тапқысы келді. Олардың кінәсі жоқ. Оларды ұстап, қамап тастаса, сіздердің жағдай қиындайды», - дейді ол.

Жас жігіт Отанына оралса, түрмеге қамалатынын айтып отыр. Себебі, полицияға арыз көп түскен. Алайда, ол жұртқа ақшаларын қайтару үшін оралуы мүмкін екенін де айтты.

ІІМ өкілдері видеоны тексерді. Олардың айтуынша, ер адам – «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ін құрған, 1993 жылғы Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы. Оған да, басқа күдіктілерге де халықаралық іздеу жарияланған. ІІМ мәліметінше, «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» компаниялары өткен жылдың қазан айынан бастап 13 өңірде құрылған. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары – Ақтөбе облысының тумасы.

Тағы оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда атақты қаржы пирамидалары келтірген шығын 5 миллиард теңгеден асады

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ФОТО, ВИДЕО)

«Гарант-24 Ломбард»: Тараз, Қарағанды, Павлодар филиалдарының басшылары құрықталды

«Гарант 24 Ломбард»: Орал филиалының басшысы құрықталды

«Туалетке түс десе, түсесіңдер ме?»: Қуат Хамитовтың басына қара бұлт үйірілді (ФОТО)

«WhatsApp мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшы кірген. Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағаға бөліп-бөліп сатып алған. Кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төледі, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарық құнынан төмен сатқан», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары