$ 494.87  520.65  4.91

Президент Сауат Мыңбаевқа маңызды тапсырма берді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары айтылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды.

Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары