41 нокауты бар боксшы Деонтей Уайлдер рингте өліп кетуге дайын болғанын айтты. Енді ол бапкерімен бірге жұмыс жасамаймын деп, бекініп отыр. Себебі ол, бапкерінің рингте ақ орамал лақтырғанына шамданып қалған. Бұл туралы ол "Yahoo Sports" порталына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фото: eurosport.ru
Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер, британиялық Тайсон Фьюримен өткізген жекпе-жектің жетінші раундында рингке ақ орамал лақтырған бапкерлерінің бірі Марк Бриландты сынап тастады.
"Мен оған ешқашан рингке ақ орамал лақтырмау керектігін ескерткенмін. Қандай күйде болсам да, әлі бес раунд бар еді. Мен өз аяғымда тұрдым. Бұл жағдай біраз жылдар бері айтылып жүр. Менің мұндай әрекетке қалай қарайтынымды ол білетін. Енді Маркпен бірген жұмыс істемеймін. Сол рингке берілгеннен гөрі өлгенім артық еді. Марк мұны біледі", - деді ашынған Уайлдер.
Сондай-ақ, спортшы "Рингтен өлігімді шығару керек еді", - деп жанайқайын жеткізді.