$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер Ашхабад тұрғынын коронавирусқа қарсы маска таққаны үшін ұстап алды

"Сен үкіметтің вирусқа қарсы шараларына сенім артпайсың ба?", - деп сұрапты.

24 ақпанда Ашхабад тұрғынын медициналық маска кигені үшін полицейлер ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz, "Хроники Туркменистана" мәліметіне сүйеніп. 

Басылым мәліметінше, әйел адам үйінен қайтып бара жатқан кезде полицейлер тоқтатқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәселе болмаған, алайда командирге әйел адамның маскамен жүргені ұнамаған. 

"Сен үкіметтің вирусқа қарсы шараларына сенім артпайсың ба? Біз де, басшылығымыз да маска тақпаймыз, бірақ сен не үшін тағып жүрсің?", - деген полицей. 

Ұсталған тұрғын ол тек медицина қызметкерлерінің нұсқаулығын орындағанын айтқан. Бірақ оны полиция бөлімшесіне жеткізіп, 249 манат (шамамен 26 800 теңге) айыппұл салған. Айыппұлды банк арқылы төлеуді талап еткен. Кепіл ретінде келіншектің төлқұжатын алып қалған. 

Ашхабад тұрғыны келесі күні айыппұл төлегеннен кейін оған түбіртек беріліп, төлқұжаты қайтарылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус