$ 494.87  520.65  4.91

Туысқан ағасын пышақтап өлтіріп 11 жылға сотталды

Ақмола облысының тұрғыны туысқан ағасын пышақтап өлтірді. Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Бұл туралы total.kz сайты хабарлайды.

Дастархан басында туысқан ағасымен сөзге келіп, оны бауыздап өлтірген Ш. есімді азаматтың ісін қараған Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны айыпты деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталушыға түзеу мекемесінде ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеу жазасы да кесілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары