$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев митинг жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында бейбіт жиындар туралы заңға қатысты маңызды жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылар жиынға қатысатын азаматтардың саны жөнінде билікті хабардар етуге міндетті", - деп жазды мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, митинг ұйымдастырушылар арнайы шара өткізерде алдын ала хабардар етуі тиіс. 

"Бейбіт жиындар арнайы белгіленген жерлерде өтуі тиіс. Конституцияға қайшы келетін ұрандарға жол берілмейді", - деді Тоқаев Twitter-дегі жазбасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары