$ 494.87  520.65  4.91

Президентке шағым айтқан баланың тосын әрекетіне әжесі нақты жауап берді

Баланың ата-анасы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Содан кейін оны 70-тен асқан асқан әжесі қамқорлығына алған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Ресейде балалар үйінің тәрбиеленушісі сол елдің президенті Владимир Путинге  әжесімен бірге тұрғысы келетінін айтып, шағымданған. Ол президентке айтқан өтінішінде Путиннен көмек сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "РИА Новости-ға" сілтеме жасап. 

 Қазіргі кезде баланың тағдыры бірнеше тәуліктен бері жергілікті БАҚ-да талқыланып жатыр. 
 Ол Владимир Путинмен кездесу кезінде жақындарына баруға көмектесуді өтінген. Дереккөзінің жазуынша,
баланың ата-анасы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Содан кейін оны 70-тен асқан асқан әжесі қамқорлығына алған. Кейін бала мектепке бармай қойыпты. Міндетті сынақтарды тапсырмаған. Өткен жылдың қазан айында сот шешімімен әжесі асырап алған  баланың ата-анасы міндетін атқарудан шеттетілген.

«Мен ештеңеге таңқалмадым. Миша ешқайда кетпейді. Менің немерем маған: «Мен президентке сенімен бірге өмір сүргім келетінін айтып шағымдандым. Ол: «Миша, мен саған көмектесемін» деді. Немеремнің бар айтқаны осы», - деді президентке хат жазған баланың әжесі журналистерге берген жауабында.

Фото: Яндекс

13 жастағы жасөспірім, балалар үйінен қайтып келіп тұратын пәтерде оған жететін орын бар. Баланың бөлмесінде музыкалық аспаптары, тіпті, компьютері де әлі күнге дейін тұр. Бала музыкалық мектепті бітірген. Әжесінің айтуынша, немересіне оқыған ұнайды екен. Әсіресе, мектеп пәндерінің ішінен тарих сабағына қызығушылығы ерекше.

Әжесі немересінің сабақ үлгірімінде біршама қиындық туындаған растады. Дегенмен, қазіргі кезде сабағы жақсы. Үйде болғанда жақсы киініп, ұқыпты жүрген көрінеді. Ал қазір немересінің шашы мен киген киімін көріп ұялғанын айтты.

Енді ол, Ресейдегі балалар омбудсменіне хат жазып, жағдайды жан-жақты түсіндіруге білек сыбана кіріспек. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары