$ 474.72  515.17  5.58

Әскери комиссариат қызметкерлерін «өтірік детекторымен» тексермек

Еліміздегі әскери комиссариат қызметкерлерін енді «өтірік детекторымен» тексермек. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Today.kz хабарлайды.

Техника көмегімен әскерилер арасындағы тәртіпсіздік пен жемқорлықтың алдын алып қоймай, бұрын істеген теріс әрекеттерін де анықтамақ.  Сондай-ақ, жаңадан енгізіліп отырған әдіс әскерге шақыру маусымында белең алатын түрлі келеңсіздіктермен күрес үшін де қолданылып отыр.

Айта кететін жайт, әскерге шақыру кезінде ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру және ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тегіс жұмылдырылады. Бірақ «өтірік детекторынан» тек әскери қызметкерлер ғана өтеді.

Естеріңізде болса өткен айдың соңында Қостанайлық әскери комиссариаттың бөлім басшысы жемқорлықпен ұсталған еді. Капитан әскери қызметке бармай-ақ әскери билет алмақшы болған азаматтан 300 мың теңге алып жатқан жерінен қолға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары