$ 448.56  478.03  4.79

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар!»: ҚМДБ коронавирус жайлы мәлімдеме жасады

Шариғатта жұқпалы аурулардың жай көзге көрінбейтін зиянды күші бары, білінбей тарайтыны және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені айтылған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады. Халықты дертке немқұрайлы қарамауға шақырып, ауру белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге қаралуға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Сақтансаң – сақтаймын» демекші, төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері мүмкін. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің әрбір азаматын қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтап, өз денсаулықтарына мұқият қарап, сақтанып жүруге шақырады.

Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар!», – деп ескерту жасаған. Алла берген аманат – өз өміріміз бен денсаулығымызға дұрыс күтім жасамай, қауіп-қатерге көзсіз ұрынар болсақ, түбінде опық жейтініміз сөзсіз.

Бұл туралы Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде: «Кімде-кім есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені зиянды нәрселер аузына кіреді», – деп бұйырған.

Сондай-ақ, шариғатта жұқпалы аурулардың жай көзге көрінбейтін зиянды күші бары, білінбей тарайтыны және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені айтылған. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам баласының өзіне де, өзгеге де зиян келтуруіне қатаң түрде тыйым салған», – делінген ҚМДБ-ның ресми сайтында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары