Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар жылына мыңға жуық аборт жасайды. Осы статистикаға байланысты мамандар балаларға төменгі сыныптан бастап секс туралы айтуды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Акушер-гинеколог Галина Гребенникованың айтуынша, 15 жаста аяғы ауыр болған бойжеткеннің қайтыс болу қаупі ересектерге қарағанда 20 есе көп екен.
"Ерте жастан аяғы ауыр болу денсаулыққа ғана зиян емес, бұл өз-өзіне қол жұмсауға да әкеп соғады. Сондықтан, мұндай тақырыпты мектептен бастап қозғаған жөн", - деп отыр мамандар.
"8 сыныптағы анатомия деңгейінде емес, ертерек, 3-4 сыныптан бастау керек. Оны тәжірибелі педагог жүргізуі қажет. Бұл тақырып жабық күйінде қалмауы керек. Жабық тақырып - қара базар секілді ғой. Бұл секс жоқ дегенмен бірдей. Ол қалай жоқ? Ол тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүрумен бір қатарда тұр. Осылай түсіндіру керек", - дейді Қазақстан репродуктив медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.
Қазіргі кезде денсаулық кодексі парламентте әлі талқыланып жатыр. Егер мамандар осы тармаққа өзгертулер енгізілсе, жасөспірімдер мамандардан көмек сұрай бастайды және интимдік мәселелерді ата-аналарынсыз шешеді және денсаулығына қауіп төндірмейді деп үміттенеді.