03.03.2020, 16:40

«Ешқандай арыз жазған жоқпын»: Арман Шораев ҰҚСК-нің түк бітірмейтінін айтып қойды

Фото: Sputniknews.kz
Ары қарай өздері шешсін. Ұлттық сенім кеңесіне жаңа адамдар кірді, бұл - қалыпты құбылыс.

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан шығып кеткені туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Менің кеңес құрамынан кетуімнің басты себебі – оны әу бастан пәлендей маңызы бар кеңес деп қабылдаған жоқпын. Ол іс жүзінде ештеңе шешпейтін жай ғана кеңес еді. Сосын мен ұлттық кеңестегі өз миссиямды орындадым. Өзім қойған міндеттерімнің бір бөлігі шешілді. Ары қарай өздері шешсін. Ұлттық сенім кеңесіне жаңа адамдар кірді, бұл - қалыпты құбылыс. Оның үстіне, менің митингтер туралы заң жобасына қатысты жеке ұстанымдарым белгілі. Заң осы күйінде қабылданса – мен кеңес құрамында қалмаймын деп бірден айтқан болатынмын", – деді Арман Шораев.

Ол сондай-ақ, кеңестен шығу тәртібі туралы да айта жөнелді.

"Кеңес құрамында кіргенде де, одан шыққанда да ешқандай арыз жазған жоқпын. Бұл бірнеше жылға берілетін мандат емес. Кеңесте 40 адам бар, ал кадрлардың ауысып отырғанын дұрыс нәрсе деп санаймын. Жарты жыл сайын оған біреулер кіріп, енді біреулер шығып отыруы тиіс деп санаймын", – деді Арман Шораев.

 Ескерте кетейік, бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жаңа өкілдері қосылды.