04.03.2020, 14:40

Шенеунік мемлекет қаржысын депозитке салып, түскен пайданы қалтасына басқан

Фото: azattyq-ruhy.kz
Сөйтіп 53 жарым миллион теңге банк сыйақысы мен тағы біреуден 11 миллион теңге пара алған.

Мемлекеттің ауылшаруашылығы саласын қолдауға бағыттаған миллиардтарын депозитке салып, миллиондап пайда тапқан Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың құйтырқылығы әшкереленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

 Соның кесірінен қаржыландыру кешігіп, мемлекеттік бағдарламалар уақытылы орындалмаған.

Нармұхан Сарыбаевтың құйтырқы әрекетін Жемқорлықпен күрес агенттігі әшкерелеген. Тергеу мәліметтері бойынша, 2017-2018 жылдары ол 5,3 миллиард теңгені банкке депозитке салған. Сөйтіп 53 жарым миллион теңге банк сыйақысы мен тағы біреуден 11 миллион теңге пара алған.

Ал былтыр Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығының басшылығына келгенде дәл осындай жолмен 1 миллиард теңгені депозитке салған. Одан түскен пайданы да қалтасына басыпты. Қазір Сарыбаев екі айға тергеу абақтысына қамалды.