Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн. АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Аблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған. Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.
"Қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.