$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да мал ұрлығын кәсіп еткен тағы бір топ ұсталды

Оңтсүтікқазақстандық полицейлер мал ұрлығымен айналысып келген Шымкенттің үш тұрғынын қолға түсірді. Күдіктілер ізін жасыру үшін барымтамен алыс ауылдарда айналысқан деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөзсқызметі.

Полицейлерге алғаш болып Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Ол 22 қаңтар күні түнде қорасындағы 2 өгізді ұрылардың әкетіп қалғанын айтыпты. Келтірілген шығын көлемі - 100 мың теңге. Мұнан кейін дәл осыған ұқсас арыздармен облыстың тағы бірнеше тұрғыны ішкі істер органдарына шағым айтып келген.

Шұғыл іздестіру шараларының барысында полицейлер Шымкент қаласының 1981, 1983 және 1986 жылы туған үш тұрғынын қолға түсріді. Олардың әзірге мал ұрлығына қатысты 4 қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.

Полицейлердің анықтағаны, күдіктілер әрекеттерін тек түнгі уақытта жасаған, ірі қара малдарды жергілікті тұрғындардың қорасынан ұрлап кетіп отырған. Ұрланған малды сатып, түскен қаржыны өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары