$ 447.4  477.55  4.76

«Түсіністікпен қарап»: Даниал Ахметов маңызды үндеу жариялады (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында халық үшін аса маңызды мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңір басшысы, видеоүндеуінде жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс бетпердесін жасау туралы шешім қабылданғанын хабарлап, 500 мың дана маска шығатынына сенім білдірді.

"Өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады. Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын! Өзіміздің жергілікті кәсіпорындарда маска жасау туралы шешім қабылданды", - деді Даниал Ахметов көпшілікке арнаған видеоүндеуінде. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары