$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО тұрғыны үйінің кіреберісі мен бір бөлмесіне 12 мың түп гүл отырғызған (ВИДЕО)

Гүл өсіруші Әсем бұрын бастауыш сыныпта мұғалім болған. Негізгі мамандығы – психолог. Ал гүл өсірумен тұрақты 3 жыл бойы айналысып келеді.

Шығыс Қазақстандағы Күршім ауылының тұрғыны қызғалдақ, шырайгүл, роза секілді нәзік гүлдің он шақты түрін үйінде өсіріп отыр. Арнайы орны болмаса да баспанасының кіреберісі мен бір бөлмесін босатып, 12 мың түп отырғызыпты. Оған ауылдастары да разы. Алдағы 8 наурыз мерекесі кезінде алыстан гүл іздеп, ат сабылтпайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнаның «Информбюро» жаңалығына сілтеме жасап.

Қызғалдақ, шырайгүл, роза – Әсем Мауытқызының күні-түні баптап, балаша мәпелеп отырған гүлдері. Бұл бастапқыда бір-екеуін ермек үшін өсірген әйелдің негізгі жұмысына айналған. Қаншама қиыншылығына төзіп, әр талының бүршік жарғанына ол балаша қуанады екен.

«Қазір мен өте қуанып отырмын. Екі-үш айдан кейін өсімдіктерімнің гүл шашқанына балаша қуанады екенсің. Қандай адам болса да, өзіне кішкене бақыт сыйлағысы келеді. Сол үшін гүлдерді алады», - дейді Әсем Мауытқызы.

Гүл өсіруші Әсем бұрын бастауыш сыныпта мұғалім болған. Негізгі мамандығы – психолог. Ал гүл өсірумен тұрақты 3 жыл бойы айналысып келеді. Алайда, алыста орналасқан шаруа иесіне арнайы орын мен қаржы жағы қолбайлау болып отыр. Соған қарамастан, гүлдердің саны мен түрін көбейтіп келе жатқан жанның арманы асқақ. 

«Гүлдердің фестивалін өткізсем деген арманым бар. Оған 10 күн бе, бір апта ма арнап, гүдердін барлығын жайнатсам...», - дейді ол.

Әсем Мауытқызы Алтайдың аршасы мен шыршасын да өсіруді қолға алған. Оған жерлестері дән разы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары