$ 445.66  474.58  4.78

Қырғызстан мен Өзбекстан билігі Наурыз мерекесіне арналған шараларды өткізуден бас тартты

Елдегі опера және балет театры, Қырғызстан ұлттық филармониясы да уақытша жабылды.

Қырғызстан билігі Наурыз мерекесіне жоспарланған барлық шарадан бас тартты. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады, дейді centralasian.org.

Қырғызстан билігі коронавирустан сақтану үшін осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін ел үкіметі ірі шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарысынан бас тартқан. Елдегі опера және балет театры, Қырғызстан ұлттық филармониясы да уақытша жабылды.

Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ. Өзбекстан үкіметі де наурызда жоспарланған мерекелік шаралардың бәрін уақытша тоқтатты.

Қытайда тараған "Covid-19" вирусын әлемде жұқтырғандар саны 110 мыңға жуықтап қалды. 3800-дей адам қаза тапты. Вирус тараған Қытайда 8 наурызда 41 адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл елде күннен-күнге вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Дегенмен, Қытайда қаңтардың басынан бері 80 мың адам вирус жұқтырып, үш мыңнан астам адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары