$ 444.32  473.33  4.76

Азиядағы ең бай адамның кім екені белгілі болды

Ол негізін қалаған корпорация әлемдегі электронды сауда мен сандық төлемдермен айналысатын ең ірі ұйымдардың бірі.
Фото: kommersant.ru
Фото: kommersant.ru

Қытайдың "Alibaba" корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды, деп жазды "Bloomberg". Бұл туралы "Хабар 24" хабарлайды.

Агенттік 55 жастағы қытайлықтың байлығын 44,5 млрд долларға бағалады. Ол әлем бойынша ең бай адамдар тізімінде 18-орында тұр. Ал осыған дейін Азиядағы ең бай адам болған "Reliance Industries" үнді холдингінің иесі Мукеш Амбани әлем бойынша 19-орынға жайғасты. 

"Bloomberg" кәсіпкер өткен тәулікте 5,8 млрд доллар жоғалтқанын, қазір оның байлығы 41,8 млрд долларды құрайтынын мәлімдеді. Агенттік сарапшыларының айтуынша, Джек Ма аз шығын кетірген.

Айта кетсек, "Alibaba" компаниясы 1999 жылы құрылған және әлемдегі электронды сауда мен сандық төлемдермен айналысатын ең ірі ұйымдардың бірі. Джек Ма корпорацияның 20 жылдығында, яғни 2019 жылдың 10 қыркүйегінде отставкаға кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Азия #Джек Ма