$ 498.34  519.72  4.85

«Жарнаманы орыс тілінде жазуды тоқтату керек» - премьер-министр

Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма?
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов елдегі қоғамдық орындарда жарнамалардың орыс тілінде жазылғанын сынға алды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады, деп жазды Dalanews.kz.

9 наурызда өткен видеоселекторлық жиналыста үкімет басшысы жарнамалардағы қателер жөнінде айтып, өзбек тілі көбірек қолданылуы тиіс екенін айтты.

«Бірқатар дүкендер, асханалар «Скоро открытие» немесе «Мы открылись» деп жазып қойған. Жарнамаларды орыс тілінде жазу орталық қалада ғана емес, ауылды жерлерде де сәнге айналған. Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма? Жоқ, дүкенге ешкім кірмей қоя ма? Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезім болуы керек», – деді Арипов.

Үкімет басшысы елде негізгі коммуникация тілі өзбек тілі екенін ескертіп, жарнаманы басқа тілде жазуды тоқтату керек екенін талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары