$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда 51 жастағы ер азамат үйіндегі қонағын зорлап жіберген

Полицияға Ақтаудың 27 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол 51 жастағы ер азаматтың үйінде қонақта болып, үй иесімен оңаша қалған сәтте ер азамат оны күшпен зорлағанын айтқан.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Оның үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, дәл осындай арызбен полицейлерге Ақтаудағы 28 шағынауданның 25 жастағы тұрғыны да арызданды. Ол өзінің танысынан зорлық көргенін айтқан. Оқиға 15 қаңтар күні орын алғанымен, жәбірленуші тек қазір ғана арыздануға шешім қабылдағанын айтып отыр. Өйткені, күдікті өзге де қыздарды зорлауы мүмкін дейді ол. Бұл жайт бойынша да қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары