$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысы: Оңтүстік Кореядан келген әйел карантиннен қашуға әрекеттенді

8 наурызда медициналық қызметкерлер Т. есімді азаматшаны 14 күндік карантинге жатқызды.

Жамбыл облысында Оңтүстік Кореядан келген әйел карантинге жатудан қашуға әрекеттенді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасында 8 наурыз күні карантинге жатудан бас тартқан әйел туралы хабарлама түсті. Ол Оңтүстік Кореядан келген. Екі сағаттың ішінде онымен байланысқа шығып, түсіндірілді және карантин режимін сақтау керектігі туралы айтылды", - делінген хабарламада.

8 наурызда медициналық қызметкерлер Т. есімді азаматшаны 14 күндік карантинге жатқызды. Бүгінде жағдайы қалыпты, дене қызуы көтерілмеген және аурудың клиникалық белгілері жоқ. 

ДСМ карантин мерзімінде (14 күн) карантинге жабылған мекемеден кетуге болмайтынын атап өтті. Режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус