Жаңалықтар 11.03.2020 сағат 17:00

«Дұрыс емес»: Нығматулин мемлекеттік тілде жауап бере алмаған шенеуніктің қателігін бетіне басты

Асхат Оразбекке цифрландыруды белсенді жылжыту жағдайында әкімшілік әділетті енгізуге қатысты мемлекеттік тілде сұрақтар қойды.
«Дұрыс емес»: Нығматулин мемлекеттік тілде жауап бере алмаған шенеуніктің қателігін бетіне басты
Фото: Almaty.tv
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы және оған ілеспе заң жобасымен бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды «Қазақ үні».

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекке цифрландыруды белсенді жылжыту жағдайында әкімшілік әділетті енгізуге қатысты мемлекеттік тілде сұрақтар қойды.

Дегенмен, Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік тілде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап бермеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекті сынға алды.

 «Әрине, бізде  аударма бар. Осы залда отырған әрбір азаматқа қай тілде сөйлеймін десе де жағдай жасалған. Бірақ та, басқа ұлттың азаматтары қазақ тілінде сайрап тұрғанда, Сіздің мемлекеттік тілде жауап бермегеніңіз дұрыс емес», – деді Нұрлан Нығматулин.  

Кодекс жобасының негізгі мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді бекіту және билік органдарымен бірге жоғары тұрған орган мен сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар