Қордайдағы қақтығыс бойынша бес адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты.
"Қордайдағы жағдай бойынша бес адам ұсталды. Екеуі бұзақылық жасап, ересек адамды ұрып-соққаны үшін және полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталды. Бұл туралы БАҚ-тарда жазылды. Ал өрт шығарып, адам өлтіру деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Әлі ешкімді ұстаған жоқпыз. Себебі онда іс материалдары көп", - деді ол.
Оның айтуынша, күдіктілердің барлығы ұсталған жоқ.
"Видеоматериалдарды қарап жатырмыз, содан кейін ғана шешім қабылданады", - деді Дембаев.