Жаңалықтар 12.03.2020 сағат 12:40

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты кеңес өткізді

Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі.
Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты кеңес өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

"Қазақстан Президенті Үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі. Мектептердегі көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурызынан басталады. Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады", - делінген ресми хабарламада. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті. Президент шектеу шараларынан шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі тиіс екенін айтты. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар