$ 498.34  519.72  4.85

Ералы Тоғжанов тойға шақыратын қонақтардың санын қысқарту керектігін айтты

Мұндай шараларды өткізгісі келген адам жақсылап ойлануы керек.
Фото: neonomad.kz
Фото: neonomad.kz

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты той-томалақты кейінге шегеру керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша қазіргі жағдайға байланысты өткізілген баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Үйлену тойы, туған күн мен мерекелер - өте маңызды, бірақ денсаулық одан да маңызды мәселе. Мұндай шараларды өткізгісі келген адам жақсылап ойлануы керек. Әсіресе, біз көп қонақ шақырып той өткізгенді жақсы көреміз. Шақыратын қонақтардың санын барынша қысқарту керек. Мұндай шараларды кейінге шегеріп тастаса, тіптен жақсы», - дейді Ералы Тоғжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#үйлену тойы