$ 494.87  520.65  4.91

Асхат Аймағамбетов балабақшалар жұмысы тоқтамайтынын айтты

Оқушылардың демалысы 16 наурызда басталады.
Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында елімізде вирустың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу шараларына қарамастан балабақшалар жұмысын жалғастыра беретінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол инфекция анықталған жағдайда ғана шұғыл шаралар қолданылатынын айтты.

Қазақстанның балабақшаларында коронавирус ауруы анықталған жоқ, сондықтан балабақшалар өз жұмысын жалғастырады. Ал анықталған жағдайда қажетті шаралар қабылданады, - деді ол.

Айта кету керек, студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытуға көшеді. Оқушылардың демалысы 16 наурызда басталады. Ал көктемде болатын ҰБТ мерзімі кейінге шегерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары