$ 514.65  544.6  5.17

«Көктем-2020»: Алматыда оқу-жаттығу өтті

Алдын ала ұйымдастырылған шара барысында, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 1800 тұрғылықты тұратын және жұмыс жасайтын адамдар мен 500 әртүрлі бағыттағы нысандарда (Қарғалы өзені арнасынан су көтерілген жағдайда) су басу қаупі жойылды.

Алматыда «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Негізгі жаттығу қаладағы Наурызбай және Алатау аудандарындағы 3 учаскеде, Қарғалы өзенінің жағасында жүргізілді, өзен арналары мұз бен шөгінділерден тазартылып, 2 шақырымнан асатын қашықтықта ағаштар мен бұталар қысқартылды, – деп хабарлайды Sn.kz.

Алдын ала ұйымдастырылған шара барысында, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 1800 тұрғылықты тұратын және жұмыс жасайтын адамдар мен 500 әртүрлі бағыттағы нысандарда (Қарғалы өзені арнасынан су көтерілген жағдайда) су басу қаупі жойылды.

«Қарғалы өзені арнасынан су көтерілген жағдайда түрлі бағыттағы нысандардағы су басу қаупінің алды алынды. Ол үшін біз тиянақты жұмыс істедік деп ойлаймыз. Өйткені бұл аумақта 1800-ге жуық тұрғылықты тұрадын адамдар бар. Яғни осынша адамның өміріне төнген қауп те сейілді деген сөз. Дәл осындай жаттығуларды қаладағы алты бірдей ауданда өткіздік, нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар», – деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі. 

Айта кетейік, аталған жаттығулар қаланың қалған 6 ауданында да өткізіліп, жаттығу аясында өзендер мен каналдар қардан, мұздан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылған. Сонымен қатар, барлығы 7 км өзен арналары тазартылып, 403 текше метрден астам қар және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

«Оқу жаттығуға 300 адам және 52 бірлік техника; соның ішінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 100 адам және 5 бірлік техника, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінен 153 адам 39 бірлік техника және ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 46 адам, 8 бірлік техника қатысты», – дейді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі. 

Жүйелі бақылауды ұйымдастыру мен су тасқыны салдарын болдырмау және жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында 2019 жылы Төтенше жағдайлар департаментімен жиі су басатын 26 учаске есепке алынды. Бүгінгі күні 9 учаскеде су басу қауіпі жойылды, қалған 17 учаскеде жалпы ұзындығы 376 км болатын арық желілерін салу және қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, жалпы алғанда, Алматы қаласының ТЖД, Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардия аумақтық бөлімшелері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, көктем маусымында төтенше жағдайларды жоюға дайын екендіктерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында республикалық «Көктем – 2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу жоспарланған болатын. Осы орайда, аталған оқу-жаттығудың мақсаты – көктем кезеңінде өзара іс-қимылды жетілдіру, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау және су тасқыны жағдайларында елді мекендерді, өмір тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен аумақтарында бағынысты күштерді басқару бойынша жұмысты үйлестіру болып отыр. 

Айта кетейік,  облыс орталығында коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысын бақылауды қалалық әкімдік жанындағы штаб жүзеге асырады.

Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан медициналық қызметтердің жұмысы ауырлады. Көп жағдайда жедел жәрдемнің көлігі діттеген жеріне жете алмай, құтқарушылар оларға көмекке келген. Мысалы, Қарағанды қаласында 7 адамды құтқарушылар жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіп салған.

Сондай-ақ, Осакаров ауданының Сенокосное ауылында қарда жүретін көлікпен мал іздеуге шығып, үйіне оралмаған екі адам іздестірілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстары ТЖД басшылығының бақылауында.

«Қазақавтожол» ЖШС мәліметтері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

«Өткізу пункттерінде 261 техника (69-жүк, 175-жеңіл, 17-автобус) бар. Жолдарды тазалау үшін барлығы 184 техника мен 251 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ауа райының нашарлауы және автожолдардың жабық болуы туралы ақпарат барлық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, ТЖД ведомстволық интернет-ресурсында және «Дармен» мобильдік қосымшасында жедел түрде орналастырылады.

(Суреттер Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен)
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқу жаттығу