$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық құтқарушылар екі адамның өмірін сақтап қалды

Іздестіру жұмыстар түнгі уақытта 50 шаршы км радиуста көрсетілген аумақты тараумен күрделі метеожағдайларда жүргізілді.

Бүгін түнгі 2 сағат 40 минутта пункті Қарағанды қалалық жедел-құтқару жасағы кезекші диспетчеріне өрт байланысының орталық пункті оператордан Осакаров ауданы Сенокосное ауылы және Қушоқы кенті аймағында ауа-райына байланысты жеке қарда жүретін техникада екі адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келді, – деп хабарлайды Sn.kz.

Төтенше жағдайлар орнына кезекші ауысым құтқарушылары Р.Д.Латыпов, Б.Е.Жаналинов, А.А.Вицу жол талғамайтын-батпақта жүретін «Вея» арнайы көлігінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жедел шықты. 

Іздестіру жұмыстар түнгі уақытта 50 шаршы км радиуста көрсетілген аумақты тараумен күрделі метеожағдайларда жүргізілді. Іздестіру жұмыстары боран, нашар көріну, қатты жел сияқты кедергілерге қарамастан, күшті қарқынмен жүргізілді. 

«Іздестіру кезінде жолдан адасқан азаматтар бізбен байланысқа шыға алды. Өкінішке қарай, қатты бораннан олар қайда екендерін өздері де түсіндіре алмады. Бірақ қазір техниканың дамыған заманы ғой, біз оларды навигатор көмегімен қайда екенін анықтап, дереу жеттік. Азаматтар зардап шекпеген, денсаулықтары бірқалыпты. Құтқарушылар үшін ең бастысы осы, адамның амандығы. Әр адамды құтқарған сайын өмірге қайта келгендей қуанамыз. Себебі бұл біз таңдаған мамандық, біз таңдаған кәсіп. Оны адал атқарып жүргенімізге қуанамыз», – деді құтқатушы Б.Жаналиев. 

Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып қалғандар байланысқа шығып, бірақ, өкінішке қарай, нақты орналасқан жерлерін түсіндіре алмады. Құтқарушылар GPS навигатор арқылы олардың тұрған жерін анықтап, бос қыстаққа жедел жетіп, зардап шеккендерді тауып, қажетті көмек көрсетіп, оларды тұрғылықты жеріне жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Оқыс оқиға әрдайым күтпеген жерден пайда болады, сонымен қатар жүздеген түрлі болуы мүмкін. Сондықтан «құтқарушы» мамандығы оны игерген адамның бәріне дайын болуын талап етеді. Сонымен қатар, құтқарушылар өздерінің қабілеттеріне сенімді және құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға толығымен көңіл бөлуі керек. Бұл кәсіп супермендер деп атауға болатын адамдар үшін құрылған. Және өзін супербатыр сияқты сезіну үшін құтқарушы мамандығын таңдау жеткілікті.

Өмірде құтқарушы мамандығы бойынша жұмыс істейтін, кәсіби көмекті қажет ететін өте көп оқиғалар болады. Жиі апат болған жағдайда көмекке шақырылады немесе жедел көмек көрсету қажет болады. Құтқарушы күн сайын халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауға байланысты мәселелерді шешумен айналысады, яғни олардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде басқа біреудің қайғысына адамдарға көмектесуге тура келеді.

Осы орайда айта кету керек, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуда қалтқысыз еңбек етіп келеді. Мұндай жағдайлар маусымына қарай түрлі болуы мүмкін. Мәселен, қыста қар көшкіні, боран т.б. болса, көктемде су тасқыны, қар ерітіндісі сияқты апаттар, ал жазда өрт пен суға кету қаупі күшейеді. Мұндай жағдайларда құтқарушылар барлық техникалық жабдықтармен сақадай сай екендіктерін көрсетіп отыр. 

Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және құлақтандыру, практикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды, азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызмет ету режімін көктемгі кезеңде ТЖ қаупі және туындаған кезде міндеттерді орындауға жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелерін пысықтау жоспарланған болатын.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу кезінде неғұрлым осал елді мекендерде нақты және шынайы міндеттер пысықталатынын атап өту қажет. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында жергілікті атқарушы органдар өзен жағалауының жырылу қаупі бар учаскелерінде қорғаныс бөгеттерін салу, халықты эвакуациялау, эвакуацияланған адамдарды төсек-орын жабдығымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Жедел ден қою жасағының құрамалары төтенше жағдайлар болуы ықтимал жерлерде көпірлерді, құбырлы өткелдерді және арналарды тазалау бойынша іс-шараларды, қаптар мен инертті материалдардың бар болуын пысықтайды.

Айта кетейік, "Көктем-2020"  оқу – жаттығуды басқару штабында оқу-жаттығу штабының бастығы - ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Қ. Нұрмағамбетовтің төрағалығымен республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің жедел топтары басшыларының баяндамалары тыңдалды. Республикалық қызметтердің өкілдері оқу-жаттығуға дайындығы, су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары және халықты олардан қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндады.

 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары