$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғындарды боқтаған ауыл әкімі жұмыстан қуылды

Ведомствоның өкілдері бейәдептік танытқан Еңбекшіқазақ ауданындағы Көктөбе селолық округінің әкімі Болат Жасыбаев екенін растады.

Алматы облысында жұртты балағаттаған ауыл әкімі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Желіде жұртқа боқауыз сөз айтқан ауылдық округ әкімінің видеосы тараған. Осы мәселеге орай, ауыл әкімін жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде», - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ведомствоның өкілдері бейәдептік танытқан Еңбекшіқазақ ауданындағы Көктөбе селолық округінің әкімі Болат Жасыбаев екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы облысына қарасты ауыл әкіміің тұрғындарды балағаттаған видеосы желіде тарап кеткенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауыл әкімі