14.03.2020, 05:44

Алматыда коронавирус жұқтырған 4-інші адам тіркелді

Фото: ашық дереккөз
Науқас Алматыдағы ауруханада жатыр.

Қазақстанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Денсаулық Сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.

Вирус жұқтырған азамат Қазақстанға 13 наурызда Германиядан жолаушылар ұшағымен ұшып келген 1976 жылы туған Алматы тұрғыны. Науқас Алматыдағы ауруханада жатыр.

Бүгін, 13 наурызда Германиядан келген екі азаматтан, Италиядан келген бір адамнан коронавирус анықталған. Тағы бір коронавирус жұқтырғандығы анықталған қазақстандық Германияда ем қабылдап жатыр.

Тегтер: коронавирус