Медицина мамандығында оқып жатқан студенттерге қашықтықтан білім беруге болмайды. Бүгін Семей Медицина университетінің басшылығы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқу ордасы басшылығының айтуынша, студенттер оқыған, тоқығандарын тәжірбие жүзінде көріп отыруы керек. Сондықтан олар биліктен қашықтықтан оқытудың ұзаққа созылып кетпеуін сұрады.
"Медицина саласында студенттерді қашықтықтан оқытуға болмайды. Олар оқығанын міндетті түрде тәжірбиеден өткізуі керек. Сондықтан тығырықтан шығатын басқа жол қарастырған дұрыс", - деді Семей университеті басшысының орынбасары Марат Жанасбаев.
Семей медицина университетінде 4 мыңнан астам студент білім алуда. Енді студенттер жаппай қашықтықтан білім алуы тиіс. Яғни, мұғалімдер тапсырмаларды видео жазба арқылы жолдап отырмақ. Ал студенттерге оны уақтылы орындау міндеті жүктелді. Сондай-ақ, интернеті жоқ ауылдан келген жастарға жатақханада қалуға мүмкіндік беріпті. Дегенмен, білім ордасының басшылығы олардың тәжірбиеден өтпей қалатынына алаңдаулы.