$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті

Целиноград аудандық Полиция департаментінің тәртіп сақшылары аталмыш көлік пен оның жүргізушісін анықтады.

Ақмола облысының Целиноград ауданында жаяу жүргіншілерге арналған жолда жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші зардап шеккен оқушыға көмек көрсетпестен, оқиға орнынан ізін суықтан.

«2020 жылдың 12-ші наурызында 37 жастағы жүргізуші «Мазда-626» көлігімен Қоянды ауылында жаяу жүргіншілер ге арналған жолмен өтіп бара жатқан 15 жастағы оқушы қызды қағып кетті. Жол көлік оқиғасынан жасөспірім жеңіл дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деп түсіндірді ведомстводан.

Целиноград аудандық Полиция департаментінің тәртіп сақшылары аталмыш көлік пен оның жүргізушісін анықтады.

«Анықталғандай көлік жүргізуші жол көлік оқиғасы кезінде жеңіл масаң күйде болды. Оқиға фотокамераға түсіп қалды. Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазіргі кезде, зардап шеккен жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты